20 ақпан күні «Жас психолог» мектебі аясында «Педагог-психологтың жеке кеңес қызметін ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбында кезекті №5 сабағы өтті.
Сабақ барысында кеңес беру кезінде назар аударатын маңызды тұстар талқыланып, «жағдай», «салдар», «себеп» және «Психологтың әрекеті» үлгісі негізінде кейстерге талдау жасалды, қатысушы әріптестердің жеке тәжірибесіндегі жағдайлар ортаға салынып, тиімді әдістер, жаттығулар және техникалардан мысал келтірілді.
Сабақ соңында әріптестер өз әсерлерімен бөлісіп, кері байланысқа белсенді қатысты.