Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

«Жас психолог» мектебінің соңғы сабағы

Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні «Жас психолог» мектебі аясында «Оқу жылы көлемінде жүргізілген психологиялық қызметтің жұмысына талдау жасау ерекшеліктері» тақырыбында №8 сабағы өтті.

Сабақ барысында педагог-психологтың жылдық талдауының маңызы мен мақсаты айқындалып, талдаудың құрылымы мен назар аударатын тұстары тереңірек қарастырылды, талдауға арналған құрылымдардың мысалы көрсетіліп, негізге алынатын үлгілік құрылымы берілді.